National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Кадрлық тағайындаулар

2014 жылғы 17 қыркүйек

 

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

***

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Сағиұлы Тәжиев Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

***

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің