National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

2019 жылғы 06 мамыр

Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар тапсыру барысында  салтанатты шараның Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өтуінің де мәні зор екенін айтты. Қазақстан Президенті қауіпсіздік пен қорғаныс саласының аса маңызды екеніне тоқталды.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде жоғары санатты, білікті сардарлар мүлде аз болды. Тұңғыш Президентіміз әр сарбазды жігерлендіре отырып, айбынды әскер құрды. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технологияны меңгерген. Олар кез келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды. Жақында ғана өткен «Айбалта-2019» оқу-жаттығуы – соның айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев адам өмірін өрттен, судан арашалап қалған бейбіт күннің батырларының ерліктері туралы да айтты.

– Сіздердің бейбіт күндегі ерліктеріңіз бен игі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Сондықтан, бүгін біз мінсіз әскери қызметімен, ерен ерлігімен дараланған азаматтарды марапаттау үшін жиналып отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты шарада І дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алдабергенов Әділбек Қалибекұлы, ҚР Бас Прокурордың орынбасары Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Рысбаев Василий Несіпқазыұлы марапатталды.  

ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Аймағамбетов Бекет Иманұлына, Алматы облысы бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Құрманәлиев Сәбит Тұңғышбайұлына тапсырылды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мемлекеттік күзет қызметі Президент күзеті қызметінің бас инспекторы Балясников Виктор Юрьевич, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Бекбасов Қуаныш Базарұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бірінші орынбасары Қоқымбаев Ринат Төлеуханұлы, Қорғаныс министрлігі 48386 әскери бөлімінің командирі Құсайынов Талғат Ақтанұлы, Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Омарбеков Ерлан Болатұлы, Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің командирі Расқұлов Жанат Есімұлы, Атырау қаласының Жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы Сундутов Рүстембек Бисембайұлы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары Топаев Нұрболат Еркебайұлы, Қорғаныс министрлігі 03858 әскери бөлімінің командирі Хамзин Мейрам Ордалыұлы       марапатталды.   

ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені Мемлекеттік күзет қызметінің  Объектілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкінің аға маман – атқышы Құсайынов  Амангелді Мырзабайұлына тапсырылды.

«Құрмет» орденімен Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары Дубаева Радимхан марапатталды.          

«Ерлігі үшін» медалі ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімінің сарбазы Балабиев Медет Серікәліұлына, ҚР Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Кенжешов Аянбек Бауыржанұлына, ҚР Қорғаныс министрлігі 35411 әскери бөлімі артиллериялық дивизионының маманы Қанатов Қуандық Қанатұлына, ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі № 1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Минаев Александр Геннадиевичке, ҚР Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Тайынша ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ыбыраев Ерлан Маулиұлына тапсырылды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен  Орталық командалық пункті бастығының орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Орталық командалық пунктінің жедел кезекшісі Абрамов Владимир Михайлович, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Жанайдаров Жаслан Талғатбекұлы, ҚР Қорғаныс министрлігі 35950 әскери бөлімі штабының аға офицері Мадияров Асхат Жаңбыршыұлы, ҚР Қорғаныс министрлігі 55652 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясы авиациялық буынының аға ұшқышы Мырзатаев Көбеген Ерсінтайұлы,   ҚР Қорғаныс министрлігі 35748 әскери бөлімі танк батальонының командирі Онтақов Асылбек Натыұлы марапатталды.

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев марапатталушыларға мінсіз қызметі үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, отбасыларына береке, жаңа табыстар тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің