National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2015 жылғы 21 қыркүйек

 

Күн тәртібіне сәйкес жер қатынастары саласындағы, Ақ бұлақ» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын игеру барысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Г.Әбдіқалықова әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған міндеттер мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджет шығыстарына қатаң бақылау жүргізуді талап ететінін айтты.    

Мемлекет халықтың өмір сапасын жақсартуға және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ауыз сумен қамтамасыз ету және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын іске асыру үшін ірі мөлшерде қаржы бөлуде. Ал жасалған талдау барысы бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатын бөлу ісінде сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері жоғары болатынын көрсетті.

Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдар назарын жер қатынастары саласында шешімдер қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету бойынша қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдер әзірлеу, жалпы халыққа электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету аясын кеңейту қажеттігіне аударды.

Отырыста Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың, Бас прокурор
А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің