National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

2015 жылғы 24 қыркүйек

 

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік және гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі баяндамасында  біздің еліміз Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық гендерлік теңдік рейтингісі бойынша 43-орында екендігін атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстан әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда өздерін жаңа қырынан таныту үшін барлық мүмкіндігі бар екенін айтты.

Сонымен қатар Г.Әбдіқалықова қабылданғанына 2015 жылы 20 жыл толатын Бейжің декларациясы гендерлік мейнстриминг мәселелерін ілгерілетуде елеулі кезең болғанына  форумға қатысушылардың назарын аударды.

Мемлекеттік хатшы елімізді жан-жақты жаңғырту үшін Қазақстан Президенті ұсынған Бес институционалдық реформаларды іске асыру ісінде әйелдердің рөлін арттырудың маңыздылығын айрықша атап көрсетті.

Сөз соңында Г.Әбдіқалықова бірқатар нақты ұсынысын ортаға салды және форум қонақтарын «Болашақтың энергиясы» атты тақырып бойынша өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Астанаға келуге шақырды.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ресей делегациясы басшылығымен және форумға қатысқан өзге елдердің делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төрайымы, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы В.Матвиенкомен, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары О.Голодецпен, Армения Республикасы Ұлттық жиналысының вице-спикері Э.Нагдалянмен, Вьетнам Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Тонг Тхи Фонгпен және Тәжікстан Оли  Маджлиси намояндагон Маджлисінің вице-спикері Х.Юсуфимен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік-гуманитарлық даму саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің