Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 желтоқсан 2013
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы

 

Отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестері жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға трансферттер түрінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану жөніндегі мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу, жалпы алғанда, азаматтық қоғамның билік органдарына деген сенімін арттыру көп жағдайда тәртіптік кеңестердің жұмыс сапасына байланысты болатыны атап өтілді.

Сонымен бірге Комиссия жергілікті атқарушы органдарға  трансферттер түрінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігі мәселелерін қарады.

Мақсатты трансферттер көлемін сапасыз жоспарлау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы анықталған бұзушылықтардың негізгі себебі болып табылады.

Отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменовтің, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Б.Сұлтановтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Бас прокуратура өкілдерінің есептері тыңдалды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар