National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

2017 жылғы 28 қыркүйек

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапары барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Туған жер» республикалық жерлестер форумына қатысты.

Форумға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, әйгілі спортшылар, әлемнің 20 елінде тұрып жатқан ақтөбелік жерлестер қатысты.

Г.Әбдіқалықова форумға қатысушыларға арналған Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Онда «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылып жатқан айрықша маңызды жобалардың бірі – «Туған жер» жобасы екені айтылған. Жалпыұлттық патриотизм қағидаттарына негізделген «Туған жер» бағдарламасы осындай шараларды жүйелендіріп, ортақ игілікке айналдыруды көздейді.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде саясат пен экономикадағы ауқымды өзгерістердің өзегі – қоғамдық сананы жедел жетілдіретін «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасы екеніне тоқталып өтті. Бүгінде елімізде осы мақсатқа жету үшін 6 бірегей жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – жалпыұлттық патриотизмнің маңызды тірегіне айналған «Туған жер» бағдарламасы.

Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында салынған «Жекпе-жек спорт сарайының» ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімнен кейін дзюдодан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир басталды.

– Биыл елімізде Үшінші жаңғыру басталды. Оның бір бағыты рухани жаңғыру болып саналады. Біздің «Рухани жаңғыру» бағдарламамыз бен «жайлы жол» деп аударылатын дзюдо ұғымы ортақ мәнге ие. Ол – сананың кемелденуі, – деді Г.Әбдіқалықова.

Сапар барысында Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған әлеуметтік-мәдени нысандарды аралап көрді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

2024 жылғы 15 сәуір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің