Жаңалықтар

1 қараша 2005
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Алатау» спорт сарайында ашылған «Индустриялық-инновациялық Қазақстан» атты тұсаукесерлік рәсімге арналған көрмеде болды.

163.jpg

164.jpg

Көрме Индустриялық стратегияның бірінші кезеңінің жүзеге асырылу қорытындыларына арналған және онда даму институттарының қолдау көрсетулерімен құрылған жаңа өнімдер ұсынылған.

Президент көрмедегі ғарыш саласы, металлургия, өңдеуші өнеркәсіп, машинажасау, жоғарытехнологиялық өнімдер өндірісі және басқа да өнеркәсіп салаларының ұлттық инновациялық жүйесіне арналған экспозициялар мен стенділерді аралап көрді.

-Біз елеулі табыстарға қол жеткіздік. Қазіргі уақытта даму институттарының жиынтық жарғылық қоры 140 миллиард теңгені құрайды және олардың қолдау көрсетуімен жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеден астамға бағаланған 116 жоба жүзеге асырылуда. Біздің күш-жігеріміздің арқасында биылғы жылы шикізаттық өндіріске тартылатын инвестиция 45%-ға, ал өңдеуші салаға 78%- ға артты. Үстіміздегі жылы қазақстандық компаниялардың құрал-жабдықтар импортына жұмсаған қаражатының көлемі былтырғы жылғыдан 45%- ға артты. Осыған орай, шикізаттық бағыттан өңдеуші өнеркәсіпке және машинажасауға толықтай қайта бейімделу шаралары жүргізілді. Қазір іріктеліп алынған 223 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 12,5 мың жұмыс орыны ашылады. Міне, индустриялық бағдарлама дегеніміз осы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерінің қатарына технологиялық парктер құру, қазақстандық байланыс жерсерігін ұшыру, «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымырандық-ғарыштық кешенін салу, «Шар-Өскемен» темір жолы мен «Солтүстік-Оңтүстік» электр желісінің құрылысы, құрылыс материалдары өндірісі, машинажасау және басқа да өндірістерді өркендету сияқты ірі жобалар

-Мен қазақстандықтардың қазіргі уақытта біздің еліміздің жарқын болашағы үшін қандай орасан жұмыстар жүзеге асырылып жатқанын білгенін қалар едім. Еліміз баламалы экономиканы құруда және де шикізаттық қорға тәуелді болғысы келмейді. Он жылдан кейін өнеркәсіп көлемі үш есеге дейін өспек. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен халықтың әл-ауқатының артатынын айғақтайды, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар