Жаңалықтар

1 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Нұр Орда» халықаралық мектебінде болып, салтанатты жиынға қатысты.
04

Президент оқытушылар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

- Бұл оқу жылы ерекше мәнге ие, өйткені біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жақындап қалды. Бұл, бір шетінен, үлкен қуаныш, екінші жағынан, үлкен жауапкершілік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде Қазақстанда 7441 мектеп өз есігін ашты, 2,5 миллион бала партаға отырды, 340 мың мұғалім өз жұмысын бастады. Тәуелсіздік жылдарында елімізде 780 мектеп ашылды. Осы жылдың соңына дейін тағы 80 оқу мекемесі ашылады.

Мемлекет басшысы 6-сыныптағы тарих сабағына, Қазақстан Тәуелсіздіінің 20 жылдығына арналған 5-сыныптың сабағына қатысты.

«Нұр Орда» халықаралық мектебі 2007 жылы ашылды. Ол халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. Осы мектептің мұғалімдерінің 90 пайызы  - жетекші отандық мамандар. Қазіргі уақытта мұнда 1020 бала білім алады. Ал 88 оқушы халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадаларда жеңімпаз болған. Мектепте үш зертхана, спорттық алаңдар бар және заманауи кітапхана ашылған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар