Жаңалықтар

1 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

05

06

Президент алдымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің жобасын іске асыру барысымен танысты. Қызылорда облысы бойынша халықаралық көлік дәлізінің жобасы 15 учаскеге бөлінген. Жолдың ұзақтығы 812 шақырымды құрайды. Биылғы жылы 79 млрд. теңге көлеміндегі жұмысты және 500 шақырымдық жол құрылысын игеру жоспарлануда. Оның 123 шақырымы 1 техникалық санатқа, 377-сі II санатқа жатады. Қызылорда облысында жоба іске асырыла бастағалы бері 66,3 млрд. теңге игерілді, 14,1 млн.м3 топырақ төселді, жоспарланған жол қабаты 514 шақырым, 490 шақырымның негізгі қабаты төселді, 462 шақырымның қабаты төселді. Жол құрылысында 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 9156 адам жергілікті тұрғындар. Жобаны іске асыруға 3 мың бірліктен астам жол-құрылыс техникасы қатыстырылған.

Мемлекет басшысы Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов аулдық округінде болып, аталған ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Президентке «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысы және ауылда мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің қорытындылары туралы баяндалды. Мемлекет басшысы сауда үйінің жұмысымен танысты. Ауылды аралау барысында Президент облыстың ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесін аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл тұрғындарымен, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылда жұмыс істеп жүрген жас мамандармен, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасына қатысушылармен және «Жасыл ел» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Ауылда 2235 тұрғын тұрады, мектеп, балабақша, емхана, кітапхана жұмыс істейді. Ауылдық округ 5705 гектар егістік алаңы бар, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы округ болып табылады. Дамыған әлеуметтік инфрақұрылымы, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі бар. Соңғы 3 жылда ауылдық округке 3560,1 млн. теңге инвестиция, соның ішінде 2990 млн. теңге жеке меншік инвестиция өсімдік шаруашылығына, әлеуметтік нысандарға, абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына тартылған.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылдық округінде болып, «Мәди қажы» шаруашылығының күріш даласындағы жиын-терім жұмыстарының басталу рәсіміне қатысты. Шаруашылықтағы жұмыстың негізгі бағыты – күріш өнімін өндіру, өңдеу, сондай-ақ өзге ауыл шаруашылық өнімдері мен асыл тұқымды мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы аумағы – 10145 гектар. Оның 3645 гектары – инженерлік жоспарланған жерлер, жайылымдық жер  көлемі – 4000 гектар, өзге мақсаттағы жерлер – 2500 гектар. Жыл сайын 2,5 мың гектар аумаққа күріш себіледі. Шаруашылықта 415 адам еңбек етеді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық дақылдары 3465 гектар аумаққа егілді. Алдағы уақытта 15 мың тонна ақтамаған күріш, 90 тонна сафлор және 1700 тонна жоңышқа жинау жоспарланған. Биылғы жылы себілетін тұқымның сапасын арттыру үшін шаруашылық тарапынан 285 тонна таңдаулы күріш тұқымы сатып алынып, егілген. Сонымен қатар күріш сортын жаңалау мақсатында ресейлік жаңа «Фишт» сорты себіліп, өндірістік сынақтан өткізілуде. 2010 жылы өсімдік шаруашылығы саласын қолдау үшін шаруашылыққа 50569 мың теңге субсидия, ағымдағы жылы 86032,3 мың теңге төленген. 2009 жылы шаруашылық тарапынан «Мұғалжар» тұқымды жылқының 50 басы сатып алынды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар