Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қараша 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды
Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы

Мемлекет басшысы Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының мәдени іс-шаралар бағдарламасы аясында Президент Сооронбай Жээнбековпен бірге қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды.

Қазақстан Президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты.

Жазушының әйелімен және баласымен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті  Ш.Айтматовпен 1989 жылы Пекинде танысқан сәтін еске алды.

Мемлекет басшысына Бішкек қаласында Ш.Айтматов атындағы мәдени орталық ашылатыны туралы айтылды.

Экскурсия соңында Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар