National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті G20 саммиті аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

2016 жылғы 04 қыркүйек

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жемісті екенін айтып, Қазақстан ұйымның жаһандық бастамалары мен жобаларын қолдайтынын жеткізді.

Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің