Жаңалықтар

21 мамыр 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, соның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары