National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2016 жылғы 09 қыркүйек

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан З.Ғабидуллинаны суға жүзу сайысында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін, – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық тілеп, келешекте жаңа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің