Жаңалықтар

27 маусым 2006
Қазақстан Республикасы Президентінің Малайзия Корольдігіне мемлекеттік сапары жалғасуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сайберджая қаласындағы Мультимедиялық даму корпорациясында болып, онда Малайзияны инновациялық дамыту бағдарламасымен – «Мультимедиялық супер дәліз» (МСД) жобасымен танысты.

 
1996 жылы қабылданған Малайзия Үкіметінің Мультимедалық супер дәліз құру туралы стратегиялық жоспары елде жоғары технологиялар секторын дамытуға бастау болды. Жобаның басты мақсаты – Малайзияны ақпараттық коммуникациялық ағымдардың жаһандық желісіне және жаңа технологиялар, инновациялық, мультимедиялық және телекоммуникациялық қызметтерді орналастыру орталығына айналдыру. МСД жобасын іске асыру үшін Малайзия Үкіметі штаб-пәтері Сайберджая кибер қаласында орналасқан Мультимедиялық даму корпорациясын құрды (МДК).

 
Басқарма төрағасы Малайзияның Премьер-Министрі болып табылатын МДК барлық даму институттары үшін бірыңғай корпоративтік құрылым. Корпорацияға МСД-ны дамыту және жаһандық маркетинг жөніндегі, жергілікті және шетелдік компанияларды тарту, Мультимедиялық супер дәліздің қызметі мәселелері жөнінде Үкіметке кеңес беру жөніндегі міндеттер жүктелген.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар