Жаңалықтар

27 маусым 2006
Малайзия Корольдігіне мемлекеттік сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың малай тіліндегі «Сындарлы 10 жыл» кітабының тұсаукесер рәсімі болды.
195.jpg

Кітаптың тұсаукесеріне Малайзияның бұрынғы Премьер-Министрі, доктор Махатхир бин Мохаммад қатысты.

 
- Мен бұл кітапты Малайзияға шынайы Қазақстанды көрсету мүмкіндігі ретінде қарастырамын. Президент мырза өзінің елді дамытуға және әлемге деген көзқарасымен бөліседі. Біз елде тұрақтылық болғанда ғана оның дами алатынына сенеміз. Ал Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел болып табылады. Президент Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін мақсат етіп қойды. Мен Президент мырзаны талай жылдан бері жеке білетіндіктен, оның осы мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына және оған қол жеткізетініне сенімдімін. Малайзиялықтарға Қазақстан туралы көп білу керек және бұл мәселеде оларға осы кітаптың көмегі тиеді. Мен Малайзияның әр азаматына осы кітапты оқып шығуды ұсынғым келеді. Мен Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға Президент айрықша үлес қосты деп санаймын, - деді М. Мохаммад.

 
Түстен кейін «Истана Негара» король сарайында Қазақстан Президентінің Малайзия Королі Янг ди-Пертуан Агонг XII Туанку Саид Сираджуддин Джамалуллаилмен қоштасу рәсімі өтеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар