Жаңалықтар

27 маусым 2006
Малайзия Корольдігіне жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куала-Лумпур конвенциялық орталығында елдің жетекші корпорацияларының басшыларымен кездесті.

- Қазақстан малайзиялық әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастыққа қажетті айрықша әлеуетке ие. Сондықтан да біздің елдер Үкіметтері басым салалардағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды белсендірек үйлестіруі тиіс. Біз Қазақстан – Малайзия Бірлескен сауда-экономикалық комитетінің жұмысын жандандырып, оның екінші отырысын  таяу арада Астанада өткізуіміз қажет, - деді Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде.

 
Бизнес-форумға, сондай-ақ, қазақстандық іскер топтардың өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша: «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ мен Малайзияның Мультимедиялық даму корпорациясы арасындағы, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ мен «Малайзияның технологиялық паркі» корпорациясы арасындағы, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ мен «IRIS» корпорациясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға, сондай-ақ, Өзара түсіністік туралы меморандумға және Экспорт пен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы мен Малайзияның Экспорт-импорт банкі арасындағы Қайта сақтандыру туралы Келісімге, «KazHiTechEuroBuilding Ltd» компаниясы мен «Metro Ikram» компаниясы арасындағы Қазақстан Республикасында Әлеуметтік тұрғын үй салу жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар