Жаңалықтар

11 қараша 2005
Мемлекет басшысы «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллерді қабылдады.
109.jpg

Кездесу кезінде екіжақты энергетикалық ынтымақтастық, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, бүгін қол қойылған  «Газпром» ААҚ пен ҚазМұнайГаз» ҰК арасындағы ортаазиялық және ресейлік газдың Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитін арттыру жөніндегі Келісім мәселелері талқыланды.

-Бұл Келісім біздің елдеріміз бен мемлекет басшыларының арасында бекіген  үкіметаралық уағдаластықтардың аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Ол біздің ынтымақтастығымыздың дамуының сапалы жаңа кезеңіне жол ашып, өзара қарым-қатынастарымызды алдағы он жылға айқындап алуымызға мүмкіндік туғызады, – деді А. Миллер журналистермен өткен брифингте.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуалға жоғары баға берді.  
-Қазақстанда жұмыс істеген барлық жылдар ішінде «Газпром» өзін аса жайлы сезінеді және бизнесінің болашағына қауіптенбей өз қызметтерін жүзеге асырып жатқан ресейлік басқа да компаниялармен өзара іс-қимыл жасасуда. Осы істің орнығуының кепілі Қазақстан Президенті болып табылады, – деп атап көрсетті А. Миллер.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар