Жаңалықтар

4 шілде 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен «Отан» Республикалық саяси партиясының кезектен тыс IX съезіне қатысты.

310.jpg

311.jpg

Съезге қатысушылар «Отан» мен «Асар» партияларының бірігуі жөнінде шешім қабылдады.

 
- Мен сіздердің баршаңызды аса маңызды шешім қабылдауларыңызбен құттықтаймын. Бұл - «Отан» мен «Асар» партиялары үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды шешім. «Отан» мен «Асар» секілді екі партияның бірігуі жөніндегі шешім біздің еліміз үшін аса маңызды кезеңде қабылданып отыр. Біз дамудың өтпелі кезеңін аяқтауға таядық және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз.

 
Бүгінде жаңа қарышты қадамдар жасау мақсаттарына қол жеткізу үшін бүкіл қоғамның топтасуы бұрынғыдан да маңызды. Қазақстанның екі жетекші саяси партиясының бірігуі партиялық жүйені дамытудың жаңа кезеңіне бастап отыр. Партиялық кеңістікте елдің дамуына стратегиялық көзқарасы бар, мықты ұйымдастырушылық және зияткерлік ресурстарға ие жалпыұлттық партия пайда болды. «Асармен» біріккеннен кейін жаңарған «Отан» партиясының бұдан да күшейе түсетініне сенімдімін. Біріккен «Отан» партиясы мүшелерінің ендігі жалпы саны жеті жүз мыңнан астам адамды құрайды. Мұндай бұқаралық, нағыз халықтық партия тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында болған емес. Бұл – үлкен жауапкершілік, сондықтан «Отан» өзінің нақты істерімен қазақстандықтардың сенімін ақтауы тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев съезде сөйлеген сөзінде.

 
Елбасы біріккен партияның алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

 
Бақытжан Жұмағұлов, Дариға Назарбаева және Александр Павлов - «Отан» Республикалық саяси партиясы Төрағасының орынбасарлары, Бақытжан Жұмағұлов – партия Төрағасының міндетін атқарушы болды.

 
Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 470-ке тарта делегат, саяси партиялардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері және басқалары қатысты.

 

Съезд делегаттары партияның саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлады. Съезд делегаттары, сондай-ақ, елді саяси жаңартудың басты бағыттарына қатысты мәселелерді және партияның алдағы қызметінің стратегиялық басымдықтарын қарады.

 

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінқараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар