Жаңалықтар

31 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ Парламентік ассамблеясының президенті, АҚШ-тың Флорида штатынан конгрессмен Алси Хастингсті қабылдады.

А.Хастинг Рәсімдік ережелер жөніндегі Комитеттің құрамында және Барлау жөніндегі комитетке қарасты лаңкестік және ішкі қауіпсіздік жөніндегі комитеттің демократтар фракциясының жетекшісі болып табылады.

 
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестік мәселелері талқыланды және ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудың маңызы ерекше аталып өтті.

 
- Сіздердің өркендеу жолындағы елдеріңіздің Президентінің қабылдауы мен үшін үлкен мәртебе. Бес жылдай уақыт бұрын мен Назарбаев мырзамен Алматыда кездескен болатынмын. Бүгін мен оған көрсетілген қонақжайлылығы және Қазақстандағы демократияның орнығуы туралы берген мәліметтері үшін алғысымды жеткіздім.

 
Журналистердің Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ниеті жөніндегі сұрағына жауап бере келе А. Хастинг былай деді:

- Мен 2006 жылы Брюссельде оң шешім қабылданады деген үміттемін.

 
Конгрессмен сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрімен болатын кездесуінде ЕҚЫҰ-ны реформалау мәселесін талқылап, «Қазақстанға және ЕҚЫҰ-ға мүше басқа да 54 елге пайдалы болатын Ұйымды одан әрі реформалауға қолдау көрсетуі» жөнінде өтініш білдіретінін хабарлады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар