Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорда активіне Астананың жаңа әкімі Асқар Маминді таныстырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорда активіне Астананың жаңа әкімі Асқар Маминді таныстырды.

 
- Өздеріңіз білесіздер, сіздердің әкімдеріңіз Өмірзақ Естайұлы 2, 2 миллион халқы бар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол мұнда төрт жылға жуық жұмыс істеп, алдына қойылған міндеттерді түгел орындады, сондықтан да біз оған ризашылығымызды білдіруіміз керек. Мен Асқар Маминді қала әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым, оны таныстырып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол осы қалада туып-өскен, Астана қаласы әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды әрі әрдайым алға қойылған міндеттерді игере алды. Мен үшін Астана – басты мәселе болып табылады. Сондықтан да, мен ұзақ ойлана келе оның кандидатурасына тоқталдым. Қала құрылысы мүлде жаңа белеске аяқ басты. Біздің елордамыз әсем болуы тиіс. Әр нысан, әр салынған ғимарат бірегей болуы керек. Бізде әлемдегі үздік үлгілерді осында әкелудің бірегей мүмкіндігі бар. Одан басқа Астана адамдар үшін қауіпсіз қала болуы керек. Кешегі күннен бастап біз қаланы есірткіден тазарту ісін қолға алдық. Астана жасыл желеке оранған, таза қала болуы керек және барлық істер ізгілікпен және түсіністікпен жасалуы керек. Мен белгілеген міндеттерді орындауда сіздердің Асқар Маминге көмек көрсетеді деп үміттенемін. Қала басшылығы әділ әрі таза болуы керек. Қонақтарды ғана емес, біздің өзімізді таң қалдыратын, жылдам қарқынмен өсіп келе жатқан қалада осындай тарихи кезеңде жұмыс істеулеріңіз – сіздердің бақтарыңыз. Мен қаланың жаңа әкіміне мықты денсаулық, табыс және сіздермен татулықта жұмыс атқаруын тілеймін, - деді Президент.

 
Асқар Мамин өзіне сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

 
- Мен Сізді біздің қала активімен бірлесіп сіздің үміт-сенімдеріңізді ақтайтындығымызға және Астананы дамыту жөніндегі барлық тапсырмаларды орындайтынымызға сендіргім келеді, - деді А.Мамин.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар