Жаңалықтар

16 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовті қабылдады.
106.jpg

Министр Президентке Мемлекет басшысының ақпандағы Жолдауы ережелеріне сәйкес құрылған және жақында ел Парламенті қабылдаған 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері туралы баяндап берді. Бюджеттің шығыс бөлігі 1 триллион 605,6 миллиард теңгені құрайды. Оның 37,6% немесе 600 миллиард теңгесі білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет сияқты әлеуметтік салаларға көзделген.

 
Сондай-ақ Қ.Келімбетов Мемлекет басшысына Алматыдағы өңірлік қаржы орталығы, мемлекеттік басқару буындарының өкілеттіктерін шектеу және лицензиялау туралы заң жобалары жөнінде әңгімелеп берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар