Жаңалықтар

8 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансипті қабылдады.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды. Оларды жандандыру қажеттігі атап өтілді. Сондықтан, кездесу барысында атап өтілгендей, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-эстониялық Үкіметаралық комиссияны құруды жеделдетудің маңызы зор. 

Ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық бағыттары энергетика, ақпараттық және телекоммуникациялық технология, құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу өнеркәсібі, логистикалық қызмет көрсету болып табылады. Қазақстан мен Эстония ынтымақтастығы ауыл шаруашылығы саласында үлкен әлеуетке ие. 

- Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің Президентіміз Томас Хендрик Ильвестің жүрекжарды сәлемін және оны Эстонияға іссапармен келіп қайтуға шақыруын жеткіздім. Сіздердің елдеріңіздің лидері Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияда өте танымал және құрметке ие, - деді журналистерге арналған брифингте Андрус Ансип.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар