Жаңалықтар

18 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Киевте Украина Президенті Виктор Ющенкомен кездесті.

222.jpg

223.jpg

Келіссөздер барысында ел басшылары екіжақты ынтымақтастық болашағының жай-күйін талқылап, өзара мүдделестік туғызатын халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Келіссөздер қорытындылары бойынша Қазақстан және Украина Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдап,  Қазақстан-Украина іс-қимылының 2006-2007 жылдарға арналған жоспарына («Жол  картасы») қол қойды. Сонымен қатар әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім, Алматы облысы мен Киев қаласы әкімшіліктері арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім жасалып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық Университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Қазақстан және Украина Президенттері арасындағы Бірлескен мәлімдеме мен «Жол картасы» көлік секторы, агроөнеркәсіп кешені, аэроғарыштық қызмет және сауда-энергетикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

 

Журналистермен өткен брифингте Мемлекет басшылары Қазақстандағы Украина жылы және Украинадағы Қазақстан жылы өткізілетіні туралы мәлімдеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар