Жаңалықтар

30 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр-Астана» мешітінде болып, еліміздің барша мұсылман қауымын Қадыр түнімен құттықтады.

166.jpg

167.jpg

Қасиетті Рамазан айының 27-і түні, Мұхаммед пайғамбарға Құран жіберілген түн болып саналады. «Қадыр» сүресінде бұл түн мың айға теңеседі делінген. Бұл түні періштелер жерге түсіп, таң рауандап атқанға дейін иман жолындағылардың дұғалары мен тілектерін қабыл етеді. Қадыр түні адамдардың  пешенелерін айқындайтын хайырлы да абзал. Сондықтан да барша мұсылмандар бұл түнді қадірлеп, Жаратқанға жалбарынуды парыз санайды.  
   
-  Баршаларыңызды жер бетінің ислам дінін ұстаған 1,5 миллиард мұсылманы атап өтетін Қадыр түнінің келуімен құттықтаймын. Өздерін мұсылман санайтын қазақстандықтардың үштен екісі үшін бұл қасиетті түн.  Ислам асқан төзімділікке үндейді және басқа пайғамбарларды да мойындап, өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайды. Қазақстанда қырықтан астам діни конфессиялар өкілдерінің татулық пен келісімде өмір сүруі біздің басты байлығымыз.

Мен Қазақстанның барша мұсылман қауымын осы қасиетті түннің келуімен құттықтаймын және әрбір отбасыға татулық пен бақ-береке тілеймін. Егер біз бірлігімізді сақтасақ,алдымыздан жарқын болашаққа жол ашылады.  
Қазақстандықтардың Қадыр түні тілеген барлық игі тілек- ниеттері Алланың құлағына шалынсын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сөзінің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар