Жаңалықтар

27 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Минтимер Шаймиевке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті.
230.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға сіңірген айрықша еңбегі және Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған белсенді қызметі үшін Татарстан Республикасының Президенті Минтимер Шаймиевті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығымен марапаттады.

 
- Минтимер Шарипович менің ескі досым әрі біз көп жыл бірге қызмет етіп келеміз, - деді Қазақстан Президенті мараптаттау рәсімінде.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Татарстан басшысының Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан айрықша үлесін атап өтті.

 

- Осы қарқынды жылдар ішінде Сіз көпұлтты Татарстанда тұрақтылықты сақтап, халықтарды біріктіре білдіңіз және озық экономиканың бірін құруға күш салдыңыз. Сондықтан да арнайы комиссия Сізге бейбітшілік, келісім мен достықты нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін Қазақстанның жоғары сыйлығын беруді ұйғарды, - деді Мемлекет басшысы М.Шаймиевке. Қазақстан Президенті Татарстан мен Татарстан халқын сенімді серіктес ретінде көретінін айрықша атап өтті.

 

Минтимер Шаймиев өзіне көрсетілген құрмет үшін жеке өзінің және көпұлтты Татарстан халқының атынан Қазақстан басшысына алғысын жеткізді.

 

- Менің бұл сыйлықты көпұлтты үлкен елде бейбітшілікті, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ете алған Қазақстан Президентінің қолынан алуымның өзі оның құндылығын арттыра түседі. Қазақстан жүріп өткен жолдың қадіріне жетіп көрейік. Сіздер қол жеткізген жетістік бүгінгі таңда бүкіл әлемге айқын. Бірақ бәрі алғаш басталғанда батыл реформалар үшін ерекше қасиет қажет болды. Және мұндай – өз атамекеніне, өз мемлекетіне, өз халқына қызмет ете білу қасиеті сіздердің Елбасыларыңыздың бойында болды. Бәрі де бірлік пен берке болуын қалайды, бірақ  өкінішке орай, ол барлығының қолынан келе бермейді, – деп атап көрсетті Татарстан Президенті.

Журналистермен өткен брифингте М. Шаймиев былай деді:

-Сіздер  бүкіл әлемге айқара ашылдыңыздар және сіздерге инвестиция ағыны келді. Басқа елдердің тәжірибелерін, әлемдік экономиканың үрдістерін негізге ала отырып сіздер үлкен жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Әлемдік саясаттың сіздердің күш-жігерлеріңізді мойындап, қолдау көрсететіні мені қуантады.

 

Татарстан Президенті Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейін және осы ынтымақтастыққа президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің жекелей қосып келе жатқан үлкен үлестерін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар