Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға қатысушы Мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үйлестіру кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті.
70.jpg

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы С. Қалмырзаев 90-жылдардың аяғында ТМД Атқару комитетінің шеңберінде құрылған Үйлестіру кеңесі жұмысының кейбір нәтижелері туралы әңгімелеп берді. – Егер сол кезеңде ТМД елдері арасында халықаралық тергеу тапсырмалары мен сұрау салу 40%-дан сәл астам деңгейде болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш        80%-дан асып кетті. Бұл арада Үйлестіру кеңесі едәуір рөл атқарды, - С. Қалмырзаев өз сөзінде.

 

- Мен Елбасыға бізді қабылдағаны үшін өз ризашылығымды білдіргім келеді. Біздің ұйымның жұмысына байланысты оның айтқан сөздері мен игі тілектерін зор ыждаһатпен тыңдадық. Сондай-ақ, біз Қазақстанның экономикалық даму жолында қол жеткізген табыстарын көрдік. Сіздердің елдеріңіз көптеген әлеуметтік міндеттерді шешуде сенімді түрде алға қадам басып барады, - деп атап өтті Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясы ІІМ экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы С. Мещеряков.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар