Жаңалықтар

11 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Жоғарғы Радасының төрағасы Владимир Литвинді қабылдады.
111.jpg

-Қазақстанмен қол жеткізілген нәтижелеріміз айтарлықтай, ал алдағы жоспарларымыз орасан, – деді В. Литвин журналистермен өткен брифингте.

Украина парламентінің өкілі екі мемлекет арасындағы әсіресе, сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтті. Ол сонымен қатар «Президенттің Украинаға сапары кезінде парламентте екіжақты парламентаралық өзара қарым-қатынастарды тереңдетуге мүмкіндік туғызатын нәтижелі кездесулер өтетініне» үміт білдіретінін айтты.

-Сіздердің Президенттеріңіз біздің қазіргі күрделі ХХІ ғасырымызда аса қажетті, қозғалыс пен серпінділікті, сонымен бірге тұрақтылықты қамтамасыз ететін салиқалы саясат жүргізіп келеді, – деп атап көрсетті Украина Жоғарғы Радасының төрағасы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар