Жаңалықтар

31 қазан 2005
Мемлекет басшысы "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ережені бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  

ЖАРЛЫҒЫ

 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы

Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі

туралы ережені бекіту туралы

 

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ереже бекітілсін.

 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі мен оның аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешсін.

 

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті  

Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы 28 қазан

№ 1664

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің  
2005 жылғы 28 қазандағы  
№ 1664 Жарлығымен бекітілген

 


Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы

Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (бұдан әрі - ҰҚШҰ) жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің мәртебесін және өкілеттігін белгілейді.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. ҰҚШҚ жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілін (бұдан әрі - Өкілетті өкіл) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

 
2. Өкілетті өкіл лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісіне теңестіріледі.  
Өкілетті өкілге «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.

 
3. Өкілетті өкіл өз қызметін келген мемлекеттің заңнамасын және ҰҚШҰ ережелерін, сондай-ақ халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған нормаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жарғысына, 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге (бұдан әрі – ҰҚШҰ құқықтық мәртебесі туралы келісім), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен бекітілген ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты Кеңес туралы ережеге (бұдан әрі – Тұрақты Кеңес туралы ереже), Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережеге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

 

2. Өкілетті өкілдің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

4. Өкілетті өкілдің негізгі міндеттері:

 
ҰҚШҰ-да Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру;

 
ҰҚШҰ-мен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

 
ҰҚШҰ-мен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының саяси әскери-техникалық мүдделерін қорғауды дипломатиялық құралдармен және әдістермен қамтамасыз ету;

 
ҰҚШҰ қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Рсепубликасының ұстанымын білдіру;

 
ахуалды бағалау және талдау, ұлттық, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша жедел ақпарат алмасу және тиісті ұсынымдар дайындау;

 
Қазақстан Республикасының ұстанымын ескере отырып, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің, ҰҚШҰ-ның консультативтік және атқарушы органдарының шешімдерін орындауды ұйымдастыруға қатысу;

 
Қазақстан Республикасының ұстанымын ескере отырып, ҰҚШҰ органдарының отырыстарына шешімдер жобаларын дайындауға қатысу болып табылады.

 
5. Өкілетті өкіл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты стратегиясын іске асыруға ықпал етеді;

 
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына ҰҚШҰ-мен қарым-қатынас мәселелері жөнінде ұсыныстар береді.

 
ҰҚШҰ органдарымен келіссөздер жүргізеді және ресми байланыстарды ұстауға ықпал етеді;

 
Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ-мен ынтымақтастығы шеңберінде мақсаттар мен қағидаттарды жүзеге асыруға, сондай-ақ шешімдерді іске асыруға жәрдемдеседі;

 
Сыртқы саяси қызметті үйлестіруге, көп жақты әскери-саяси ықпалдастықты дамытуға, ұжымдық қауіпсіз жүйесі мен психотпротық заттардың, қарудың заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз көші-қонға және қауіпсіздіктің басқа да қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

 
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессияларына және ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің, ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырыстарына шешімдер мен құжаттардың жобаларын дайындауға қатысады;

 
Қазақстан Республикасының мүдделірі мен қауіпсіздігін қозғайтын оқиғалардың дамуы жағдайында тиісті консультациялар өткізу туралы ұсыныстар енгізеді;

 
ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан Республикасының әскери-техникалық ынтымақтастығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

 
ҰҚШҰ-ға іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасының ресми делегацияларына және өкілдеріне жүктелген міндеттерді орындауда жәрдем көрсетеді;

 
ҰҚШҰ органдарының отырыстарына Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Рсепубликасы Сыртқы істер министрінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қазақстан Республикасының басқа да тұлғаларының қатысуымен байланысты хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларына қатысады;

 
Ақпарат жинауды және ҰҚШҰ қызметін зерттеуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының  мүдделі министрліктері мен ведомстовларын хабардар етеді;

 
ҰҚШҰ-да Қазақстан Республикасының сыртқы, ішкі және қорғаныс саясаты туралы ақпарат таратады;

 
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің және оларды орындауға қабылданатын ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті шешімдерінің орындалуын жалпы қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

 
ҰҚШҰ-ның ұйымдастырушылық және қаржылық қызметіне байланысты мәселелерді қарайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

 
ҰҚШҰ органдарына Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнамасы туралы, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасы жасасатын әскери-саяси сипаттағы халықаралық шарттар мен басқа да халықаралық-құқықтық актілер туралы ақпарат береді;

 
ҰҚШҰ Бас хатшысының Қазақстан Республикасындағы жұмыс бабындағы байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

 
6. Өкілетті өкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

 
Берілген өкілеттіктері шегінде ҰҚШҰ шеңберінде халықаралық шарттар жасасуға қатысты актілерді жасауға;

 
Белгіленген тәртіппен ҰҚШҰ-мен қарым-қатынас мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;

 
өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан қажетті материалдар мен құжаттарды белгіленген тәртіппен алуға;

 
қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат (шығыстар) лимитін иеленуге;

 
қызмет көрсетуші персоналмен еңбек қатынастары мәселелері бойынша өз бетінше шешімдер қабыладуға, аппарат қызметкерлерінің жыл сайынғы ақысы төленетін демалыстарының кестесін бекітуге құқығы бар.

 
7. Өкілетті өкіл өзі жіберген ақпараттың нақтылығы, дұрыстығы және толықтығы үшін дербек жауап береді.

 

3. Өкілетті өкілдің қызметін ұйымдастыру

 

8. Өкілетті өкіл ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Қазақстан Рсепубликасы Сыртқы істер министрінің оны тағайындау туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап өз міндеттерін атқаруға кіріседі.

 
9. Өкілетті өкілдің өкілеттігі Қазақстан рсепубликасы Сыртқы істер министрлігі оны кері шақырып алу туралы Бас хатшыға ресми хабарлаған күннен бастап тоқтатылады.

 
10. Өкілетті өкіл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестің (бұдан әрі – Тұрақты Кеңес) отырыстарына қатысады.

 

Өкілетті өкілдің Тұрақты Кеңестің отырысына қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, отырыстарға қатысу үшін оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының басқа өкіліне уақытша берілуі мүмкін, бұл туралы ҰҚШҰ Бас хатшысына ресми хабарланады.

 

4. Өкілетті өкілдің аппараты

 
11. Өкілетті өкілдің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін Өкілетті өкілдің аппараты құрылады.

 
12. Өкілетті өкіл және аппарат қызметкерлері ҰҚШҰ-ның құқықтық мәртебесі туралы келісімнің III бөлімінде белгіленген көлемде берілетін артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланады.

 
13. Өкілетті өкіл аппаратының құрылымын және штат кестесін республикалық бюджетте Өкілетті өкілді ұстауға көзделген қаражат (шығыстар) лимитінің шегінде Қазақстан Рсеупбликасы Сыртқы істер министрлігі бекітеді.

 
14. Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін Өкілетті өкіл белгілейді.

 
15. Өкілетті өкіл аппаратының қызметкерлері өздерінің қызметіне Қазақстан Рсеупбликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап береді.

 
16. Өкілетті өкіл аппаратындағы еңбек қатынастары халықаралық құқық нормаларын және келген мемлекет заңнамасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

 

5. Өкілетті өкілдің қызметін қамтамасыз ету

 

17. Тұрақты Кеңес туралы ережеге сәйкес Өкілетті өкілді және оның аппаратын қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

 
Өкілетті өкіл мен оның аппаратының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республиксаының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің персоналы үшін көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

 
Өкілетті өкілдің шығыстар сметасын тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 
18. Өкілетті өкіл көлікпен, қызметтік үй-жайлармен және басқа да қажетті мүлікпен, сондай-ақ ашық және жабық байланыс арналарымен қамтамасыз етіледі.

 
19 Өкілетті өкілдің өзіне бекітіп берілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету тәртібі Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында белгіленеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар