Жаңалықтар

26 маусым 2006
Түстен кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның Ұлттық тікеу департаментінде және «Путраджая» корпорациясында болды.
196.jpg

Ұлттық тіркеу департаментінде Қазақстан Президентіне Малайзиядағы цифрлық жеке куәлік болып табылатын «MyKad» электрондық жіктемелі карточкасы көрсетілді. Картадағы мәліметтер адамның әлеуметтік деректерін (Аты-жөні, туған күні және жері, СТН, зейнеткерлік және банк есеп-шоты туралы ақпарат және т.б.) және биологиялық өлшемдерін қамтиды.

 
«Путраджая» корпорациясының қызметін таныстыру кезінде Қазақстан басшысына Малайзияның федералдық үкіметінің жаңа әкімшілік орталығы – Путраджая қаласын дамыту және жайластыру жоспары көрсетілді.

 
Мемлекет басшысының Малайзияға мемлекеттік сапарының екінші күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне «Истана Негара» король сарайында Малайзияның Жоғары Билеушісі Янг ди-Пертуанг Агонгу XII Туанку Саид Сираджуддин ибни Алмархум Туанку Саид Путра Джамалуллаилддың атынан болатын қабылдаумен аяқталады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар