Жаңалықтар

18 қараша 2005
Украинаға ресми сапарының екінші күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Рада депутаттарымен кездесті.

224.jpg

225.jpg

-Достық пен келісімде 130-дан астам ұлттар өкілдері, оның ішінде украиндықтардың үлкен диаспорасы өмір сүріп жатқан Қазақстанда біз достас украин халқымен тығыз байланыстарды тереңдетуге ерекше мән береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Радада сөйлеген сөзінде.

Нұрсұлтан Назарбаев Украина парламенті өкілдерін тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған қазақстандық экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың тәжірибелерімен, қазіргі жай-күйімен және болашақ жоспарларымен таныстырды. Қазақстан-Украина ынтымақтастығы мәселелерін қозғай келе, Мемлекет басшысы Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина елдерімен құрылып жатқан Біртұтас экономикалық кеңістіктің орасан әлеуетін айрықша атап өтті.

-БЭК-тің басты артықшылығы сонда, бұл ұйым үлесіне ТМД елдері ІЖӨ-сінің 90%-нан астамы келетін төрт мемлекетті біріктіреді. Нақ осы  – ұйымды қуатты да беделді экономикалық құрылым ретінде қалыптастыруға және біздің елдеріміз арасындағы сауданы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Ең бастысы – қатысушы елдер экономикаларының тұрақты әрі тиімді дамуы және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру көзделген БЭК-тің мақсаты – біздің халықтарымыздың мүдделеріне жауап береді, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

 Үстіміздегі жылғы 27 тамызда Қазан қаласында БЭК-ке қатысушы мемлекетер президенттері қабылдаған Мәлімдемеге сәйкес, 1 желтоқсанға дейін бірінші кезектегі 29 халықаралық-құқықтық құжат қол қоюға дайын болуы керектігі белгілі. Осы жылдың 12 қарашасында БЭК-ті құру жөніндегі Жоғары деңгейдегі топ тараптарға ұйымға қатысушы төрт мемлекетпен келісілген 10 құжатты қол қоюға дайындау үшін мемлекетішілік рәсімдер жүргізуді тапсырды. Бірінші кезектегі құжаттар дестесіне қол қою, тауарайналымының артуы арқылы барлық қатысшыларға нақты табыстар әкелетін Еркін сауда аймағын құруға мүмкіндік туғызады.

 -БЭК-ті толық көлемде іске асыру жолында әлі көптеген істер атқарылмақ. Сондықтан да мен біздің елдеріміздің өзара тиімді экономикалық ынтымақтастығы мен біздің халықтарымыздың гүлденуіне бағытталған БЭК шеңберінде күш-жігерімізге қолдау көрсетуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.  
   
Достық өзара қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Қазақстан Президенті Қазақстандағы Украина жылын және Украинадағы Қазақстан жылын өткізуді ұсынды.

Қазақстан басшысы халық қалаулылары арқылы Украина халқына ырыс-береке мен гүлдене берулерін тіледі.

Жоғарғы Рададағы кездесуден кейін Мемлекет басшысы Киевтегі Бостандық монументіне гүл қойды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар