National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында балалар мен әйелдерді қорғау мәселелері қаралды

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында балалар мен әйелдерді отбасылық-тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғау, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ана мен баланы жан-жақты қорғау қажеттігін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды, оның ішінде балалардың зорлық-зомбылығына байланысты тергеліп жатқан әрбір істі бақылау арқылы қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Талқылауға Қазақстандағы  Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы Динара Закиева, уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары белсенді қатысты.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі қазақстандық қоғам үшін өзекті екендігі кеңесте атап өтілді. Мәселен, қылмыстың жалпы төмендеуіне қарамастан, 2020 жылдың 8 айының нәтижелері бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған (598-ден 656-ға дейін немесе 9,7% - ға) қылмыстық құқық бұзушылықтар өсті.

Пікірталас нәтижелері бойынша осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, қылмыстық істердің тиісті санаты бойынша құқық қолдану практикасына қадағалауды күшейтумен қатар, қоғамда зорлық-зомбылықты жаппай қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға, азаматтарды балалардың физикалық және рухани қол сұғылмаушылығын сөзсіз құрметтеу рухында тәрбиелеуге жалпы жол бермеуге назар аудару ұсынылды.

Осы тұрғыда Президенттің Көмекшісі- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев құқыққа қарсы арандататын контентті бұғаттау жөнінде, оның ішінде дәстүрлі отбасылық құндылықтарға қол сұғатын, зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықты, әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

 Құқық қорғау органдарына Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша, оның ішінде кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғушылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ қаралып отырған санаттағы қылмыстық істерге олардың уақытылы тергелуіне және кінәлілерді жазалаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды анықтау тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару