National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі бұрын жұмыс істеген Кеңесінің базасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы №220 Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық жөніндегі Кеңесі (Кеңес) құрылды.

Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңесші орган болып саналады және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Кеңестің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу және жүйелі тәуекелдерді азайту. Кеңестің қызметіне макропруденциялық саясат, дағдарысқа қарсы шаралар, төлем қабілеті жоқ банктер мен банк секторын сауықтыру жөніндегі қаржылық іс-шаралар мәселесін алдын ала қарау кіреді. Кеңес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жүйелі тәуекелдерді барынша азайтуға қатысты басқа да сұрақтарды қарап, талқылау қорытындылары бойынша ұсыныстар бере алады. 

Кеңес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Кеңестің төрағасы болады. Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жауапты көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі кіреді. Кеңестің жұмысшы органы – Ұлттық банк болып табылады.

Жалпы алғанда, Кеңестің қызметі мемлекеттік органдардың қаржылық тұрақтылықты дамыту жөніндегі іс-шараларын үйлестіру тиімділігін еселеуге мүмкіндік беріп, қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға көмектеседі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару