Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қараша 2012
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Нелленді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

 

М.Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысының атынан оның екіжақты қарым–қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі, қазақстандық маңызды сыртқы саяси акцияларға, әсіресе Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіне белсенді қатысқаны үшін дипломатқа алғыс айтты.

Біздің елдеріміз халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша ұқсас ұстаным ұстанады. Швейцария Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері бойынша белсенді көмек көрсетіп келеді.

2011 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 5,118 миллирд АҚШ доллары болды. Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 есе артық. Қазақстанда швейцариялық капиталдың қатысуымен 381 компания жұмыс істейді.

М.Құл-Мұхаммед екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін С.Нелленге Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын табыс етті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар