National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады

2019 жылғы 15 сәуір

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімделді.

Бас прокурор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру және түрмеге қамалғандардың әлемдік рейтингі бойынша Қазақстанның беделін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде еңбек дауларын шешуге қатысты азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Бас прокуратура мен Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға баса мән берілді. Ғ.Нұрдәулетовтың мәліметіне сәйкес, былтыр бірлесе күш жұмылдырудың арқасында еңбекақы бойынша 2,4 млрд теңге көлеміндегі қарыз өтелді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті шағын және орта бизнес саласындағы тексерістерді азайту үдерісіне тиісті бақылау жасаудың маңыздылығын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің