National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

2020 жылғы 15 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысының биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін тыңдады.

Премьер-Министр сегіз айда қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,3%-ға, оның ішінде машина жасау – 16,3%-ға,  көлік құрастыру – 51,8%-ға, сондай-ақ фармацевтика –34,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 11%-ға, химия өнеркәсібі – 3,1%-ға және дайын метал өнімдерін шығару – 18,8%-ға өскенін мәлімдеді.

2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында, жалпы сомасы 996 млрд теңге болатын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге арттыруға және 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Құрылыс көлемі – 6,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 6,4%-ға немесе 8,1 млн шаршы метрге артты. Жыл басынан бері 71 мың жаңа үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық.

Ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсім 4,9% құрады, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,6%-ға артты.

Асқар Маминнің айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде әлеуметтік маңызды тауарлар бағасынының артуын 4,4% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе (8,7%) төмен.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 874 мың адам жұмыспен қамтылған, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 82,1%-дан асады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, өндіріс үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мен карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін атап өтті.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің