National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Сэм Наннды қабылдады

2015 жылғы 27 тамыз

 

Қазақстан Президенті бұл кездесудің Семей полигоны жабылған күн мен Біріккен Ұлттар Ұйымы атап өтетін Халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы полигон жабылғаннан бергі жылдар бойы С.Нанн елімізге қолдау көрсетіп келгенін айтты.


Бұл мәселенің тарихын сізден артық ешкім білмейді. Біздер үлкен жұмыс атқардық деп санаймын, ол жұмыс бүгінгі келісімге қол қоюмен аяқталып отыр. Қазақстан – дүниежүзілік антиядролық қозғалыстың бастамашысы әрі көшбасшысы, бұған оның моральдық құқығы бар. Мен өзім осы мәселеге арналған барлық халықаралық саммиттерге қатысып келемін, –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.


С.Нанн Қазақстанда аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қойылуының маңыздылығын атап өтті.


Бұл – ядролық энергияны әскери мақсатта пайдаланудан бас тарту үшін барлық мемлекеттер ынтымақтасатын болашаққа қарай жасалған алғашқы қадам. Қазақстан және Сіз өзіңіз бұл орайда әрдайым үлгі көрсетіп келдіңіз, өзгелерді соңыңыздан ерттіңіз. Сіздің еліңіз бұл үшін қандай қадам жасағанын бүкіл әлем біледі, өйткені дәл осы жерде ядролық полигонды жабу туралы шешім қабылданды. Қазақстан ядролық бағдарламаларға қатысты не істеу қажеттігі туралы әрдайым жақсы өнеге көрсетіп келді, – деді АҚШ-тың бұрынғы сенаторы. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің