National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чен Гопинмен кездесу

2014 жылғы 06 наурыз

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың тиімді дамып келе жатқанын, біздің еліміз экономикалық және саяси серіктестіктің одан әрі нығаюына мүдделі екенін атап өтті.   

Мемлекет басшысы ҚХР-ның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі қызметіне белсене қатысып келе жатқанына тоқталды, сондай-ақ 2014 жылы мамырда Шанхайда өтетін АӨСШК-нің алдағы саммитіне дайындықтың деңгейі жоғары екенін айтты.

Чен Гопин өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді және Қазақстан Президентінің Қытайға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы хабарлады.     


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің