National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті

2019 жылғы 31 мамыр

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

– Біз бірнеше рет кездестік. Сіз төраға болған кезде Еуропа одағы мен Қазақстан арасында кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Биыл осы құжатты ратификациялау рәсімі аяқталады. Жалпы, қарым-қатынасымыздың келешегі жарқын, – деді Елбасы.

Дональд Туск Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды қалыптастыру және өркендету, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделін нығайту ісіндегі рөлін атап өтті.  

– Сіз осы өңірде ерекше және маңызды рөл атқарасыз. Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Сіздің билік транзитіне қатысты ойға қонымды әрі жауапты ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Менің ойымша бүкіл Еуропа осы қадамыңызға тәнті болды. Демократия жағдайында кімнің президент болатынын білу оңай емес. Бірақ, Сіз айқындаған бағытты жалғастыру үшін кандидатыңыздың толық мүмкіндігі бар, – деді Еуропалық кеңес төрағасы.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің