National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Нұрлан Алдабергеновты қабылдады

2013 жылғы 05 наурыз

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді жұмыс жасауына байланысты бірқатар мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.   

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев тауар өндіру, тарату және біркелкі жағдай мен тең бәсекелестік ортада қызмет көрсетуге байланысты Кеден одағының тауарлы рыноктарына жүйелі талдау жүргізу қажет екеніне тоқталды.

Н.Алдабергенов өткен жылғы жұмыс қорытындылары және монополияға қарсы қызметті реттеу, атап айтқанда, Кеден одағы елдерінің тауарлы рыноктарын бақылау саласындағы алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Сондай-ақ кездесуде электр энергетикасы, авиация және теміржол салаларындағы бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы тауарлы рыноктарға, атап айтқанда шекаралас аумақтарға жан-жақты талдау жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің