National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековты қабылдады

2017 жылғы 30 мамыр

Мемлекет басшысы кездесуде М.Жолдасбековты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.  

– Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап Сіз әрдайым менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде М.Жолдасбековтың ел алдындағы еңбегін ескеріп, қоғам қайраткерін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

М.Жолдасбеков өз қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Мен тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы барлық процестің куәгері болдым. Жақсылық та, қиындық та, таршылық та бастан өтті. Бақытымызға орай, қазір егемендіктің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде реформалар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да Сіздің қасыңызда, сенімді серігіңіз болып қала беремін, – деді қоғам қайраткері.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің