National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы отандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізді

2017 жылғы 14 қыркүйек

Баспасөз мәслихатына 50-ден астам қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы елімізде өткен халықаралық іс-шараларды қорытындылап, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің табысты болғанын айтып, Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің мән-маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана келіссөздері жөніндегі ойын ортаға салды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қазақ тілін жетілдіру мен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталып, жақында АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен әңгімесі жөнінде айтты.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты, сондай-ақ қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің таяуда болатын жекпе-жегі туралы сұрақтар да қойылды.

Баспасөз мәслихаты жуық арада республикалық телеарналар арқылы көрсетілетін болады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің