National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі Дэвид Кэмеронға Консервативтік партияның парламенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2015 жылғы 08 мамыр

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады.

«Бұл жеңіс Ұлыбритания халқының Сіздің саясатыңызға білдірген айқын қолдауының көрсеткіші екені анық. Сіздің Премьер-министр лауазымындағы қызметіңіз еліңіздің өркендеуіне және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронға зор денсаулық пен қажымас қайрат, жауапты қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына береке-бірлік пен бақуаттылық тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің