National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2014 жылғы 11 тамыз

 

Нұрсұлтан Назарбаев Р.Ердоғанды Қазақстан халқының және жеке өз атынан Түркия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Р.Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті.

 «Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  Р.Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің