National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Пешавар қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхаты

2014 жылғы 18 желтоқсан

 

Жеделхатта басым көпшілігі мектеп жасындағы балалар болған, көптеген жазықсыз жандардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазақстан барша әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлкен қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмнің іс-әрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Пешавардағы жантүршігерлік оқиға радикалды топтарға өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады», – делінген жеделхатта.

Қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Пәкістан халқына Қазақстан халқының және жеке өз атынан көңіл айтқан Нұрсұлтан Назарбаев террорлық әрекеттен жапа шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің