National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барды

2015 жылғы 25 желтоқсан

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде оның төрағасы Н.Әбіқаевты зейнет жасына жетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты.

– Ол менің қасымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп,  қойылған міндеттерді тиянақты орындап келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде оған алғыс білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасы В.Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды.

– Ол – кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

В.Жұмақанов жаңа лауазымына кандидатурасы Парламент Сенатымен келісілгеннен кейін тағайындалады.

Нұрсұлтан Назарбаев комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, оған зор жауапкершілік жүктелгенін атап айтты.

Кездесу қорытындысы бойына Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің