National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге Германия павильонына барды

2017 жылғы 12 шілде

Қазақстан Президенті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Германияның ұлттық павильонының экспозицияларын аралап көру барысында көлік құралдары мен тұрғын үйді жетілдіруге қатысты неміс өнеркәсібі мен ғылымы әзірлеп шығарған инновациялық шешімдермен танысты.

Екі ел президенттері жел, күн және су электр стансаларының үлгілері, электр қуатымен қозғалатын болашақ көлік экспонаттары қойылған «Болашақтың картасы» және «Болашақтың қаласы» атты көрме алаңдарын аралап, «Энергетикалық шоу» көрсетілімін тамашалады. 

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Германия павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Германия Президентіне Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын көрсетті.

Бұл жерде екі елдің көшбасшылары Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған интерактивті экспозициялармен танысып, павильонның 8-қабатында орналасқан «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясын көрді.

Экскурсия соңында Франк-Вальтер Штайнмайер көрменің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің