National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев «Халық Арена» спорт кешенінде болды

2016 жылғы 19 қыркүйек

Елбасы спорт ғимаратының қызметімен танысып, кешен аумағын аралады.

Қазақстан Президентіне көп функционалды мұз айдынының одан әрі қолданылу перспективасы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада жеңімпаздарымен және қаланың спорт қоғамдастығымен әңгімелесті.

– Қазақстан өзін спорт державасы ретінде таныта білді. Бұл жетістіктермен шектелмеу керек. Спорттағы еліміз бағындырған биіктердің деңгейін бұдан әрі көтере түсу қажет. Мемлекет халықтың денсаулығына баса көңіл бөліп отыр. Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысында заманауи спорт ғимараттары салынды. Ол көпшіліктің, әсіресе балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына қосымша серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Спортшылар ұдайы көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп келе жатқаны үшін Елбасына алғыстарын білдірді.

***

3 мың көрерменге арналған мұз айдыны хоккей жарыстарын өткізуге лайықталған. Универсиададан кейін «Халық Аренаны» қалалық хоккей командаларының ойын алаңына, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, сондай-ақ тұрғындардың жаппай сырғанау орталығына айналдыру жоспарлануда. Кешен концерттер, көпшілік мәдени іс-шаралар өткізуге лайықталып, қазіргі заманғы жарық беру және дыбыс құрылғыларымен жабдықталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің