National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы «Өтеулин» шаруа қожалығына барды

2016 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өткізумен айналысатын аграрлық кәсіпорын қызметімен, сондай-ақ егін алқабының жай-күйімен танысты.

Қазақстан Президентіне Қостанай облысындағы астық жинау науқаны мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерімен әңгімелесті.

– Қостанай  облысы ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратын өңір болып саналады. Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін ескеріп, озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.      

Аграрлық сала еңбеккерлері Қазақстан Президентіне өңірге жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп отырған тиімді саясаты үшін алғыстарын білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің