National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Габала қаласында Президент Ильхам Әлиевпен кездесті

2013 жылғы 16 тамыз

Кездесу барысында мемлекет басшылары жақсы қарқынмен дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, елде жүргізілген теңіз және теміржол инфрақұрылымындағы жаңғыртулар ескеріліп, көлік пен коммуникация саласындағы перспективалар атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев мұнай-газ саласындағы ынтымақтастыққа да назар аударды.

Мемлекет басшысы Әзербайжанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін, сондай-ақ екі елдің түрлі өңірлік ұйымдар аясындағы табысты өзара іс-қимылын атап өтті.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген нәтижелеріне тоқталды.

– Сіздің еліңізде жүргізген реформалар Әзербайжан үшін лайықты үлгі болып саналады. Экономиканың түрлі салаларындағы қарқынды өзгерістер, маңызды халықаралық бастамалар, халықтың әл-ауқатының артуы – Сіз алға қойған міндеттердің тиімді іске асуының дәлелі, – деді Әзербайжан Президенті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің