National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бруней-Даруссалам мемлекетінің сұлтаны Хассанал Болкиахпен кездесті

2013 жылғы 07 сәуір

Екі елдің көшбасшылары өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарастырды, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН) мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қоса алғанда, қазіргі халықаралық құрылымдар аясындағы өңірлік интеграция тақырыбын талқылады.

Мемлекетаралық өзара іс-қимыл әлеуеті толық пайдаланылмай отырғаны және тараптардың мұнай-газ, химия салаларындағы, аграрлық сектордағы және басқа салалардағы серіктестік аясын кеңейтуге қызығушылық танытатыны атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Бруней бизнесінің өкілдерін Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қатысуға шақырды және Бруней Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізудің дайындығына белсене атсалысса деген тілегін білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Хассанал Болкиахты Қазақстанға сапармен келуге шақырды.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің